Футболдан екінші лиганың ойындары 8 сәуірде басталады
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан екінші лиганың алғашқы тур ойындары 8-9 сәуір күндері өтеді.

Биылғы маусымға барлығы 20 команда қатысады. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда төртеуге аз. Командалар биыл да екі конференцияға бөлініп, бірінші лигаға берілетін жолдаманы сарапқа салады.
Оңтүстік-Батыс конференциясында «Мақтаарал» (Түркістан облысы), «Қайсар-Ж» (Қызылорда), «Ордабасы-Ж» (Шымкент), «Каспий-Ж» (Ақтау), «Жас Қыран» (Алматы), «Жайық» (Орал), «Jeyran» (Алматы), «Талас» (Жамбыл облысы), «Атырау-Ж» және «Тұран-Ж» (Түркістан) командалары ойын көрсетеді.
Ал солтүстік-шығыс конференциясында «Жетісу-Ж» (Талдықорған), «SD Family-Ж» (Астана), «Астана-Ж», «Тобыл-Ж» (Қостанай), «Оқжетпес-Ж» (Көкшетау), «Алтай-Ж» (Өскемен), «Елімай-Ж» (Семей), «Қызылжар-Ж» (Петропавл), «Жеңіс-Ж» (Астана) және «Шахтер-Ж» (Қарағанды) командалары бар.
Биыл Қазақстан футболында жаңадан құрылған Алматының «Jeyran» жекеменшік команда ретінде ерекшеленіп отыр. Ал «Жайық» талай жылдық тарихы бар «Ақжайықтың» орнын басты.
Еске салсақ, футболдан бірінші лига ойындары 9 сәуірде басталады.