Футболдан ел біріншілігінде Ақтөбе көш басына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 13-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Аталған турдың екінші ойын күнінде елордалық «Астана» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарын» 1:0 есебімен сүріндірді.

Ал қостанайлық «Тобыл» командасы «Таразбен» 2:2 есебімен тең түсті.

Бұл турдағы негізгі кездесу «Ақтөбе» және «Ордабасы» (Шымкент) командалары арасында өтті.

Ойын барысында «Ақтөбе» сапынан Шина 1-минутта есеп ашқан еді. Оған 11-минутта Эльхан Астанов бір голмен жауап қайырды.

Кездесудің 27-минутында Шина «Ақтөбені» тағы алға шығарса, Видемонт Уго 90-минутта есепті үстемелей түсті.

Осылайша «Ақтөбе» қарсыласын 3:1 есебімен басым түсті. Нәтижесінде турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Айта кетсек, аталған турдың бірінші ойын күнінде Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Ақтаудың «Каспий», «Мақтарал» (Түркістан облысы) «Тұран» (Түркістан) клбуын 2:0 есебімен тізе бүктірді .

Тағы бір ойында «Шахтер» (Қарағанды) мен «Атырау» 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Енді алдағы тур ойындары 26 және 27 амыз күндері өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар