Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қырғызстанды жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қырғызстанмен алғашқы жолдастық кездесуін өткізді.

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қырғызстанды жеңді
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Кездесу барысында қазақстандық футболшылар жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде ел құрамасынан Карина Берікова хет-триктің авторы атанды. Оған қырғызстандық футболшылар бір голмен жауап қайырды.

Осылайша отандастарымыз қаарсыласын 3:1 есебімен жеңді.

Енді олар аталған қарсыласымен 28 мамырда тағы бір мәрте жолдастық кездесу өткізеді.
Оқу-жатттығу жиыны 23 мамырда Алматы қаласындағы «Қайрат» футбол клубының базасында басталды.

Ел құрамасы Ұлттар лигасы С дивизионы үшінші тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары — Армения, Люксембург және Лихтенштейн.

Алғашқы екі ойында қазақстандық футболшылар Арменияға 0:2 есебімен жеңілсе, одан кейін Люксембургпен 2:2 есебімен тең түсті. Ал үшінші турда Лихтенштейнді 4:0 есебімен тізе бүктірсе, төртінші турда 3:2 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, Қазақстан әйелдер құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында шешуші екі ойынын өткізеді. Алдымен 30 мамырда Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді қабылдаса, араға үш күн салып Люксембургпен кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын UEFA Ұлттар лигасына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды.

Соңғы жаңалықтар