Футболдан Қазақстан кубогында швейцариялық төрешілер қызмет атқарады
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан кубогы финалындағы «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тобыл» (Қостанай) кездесуінде швейцариялық төрешілер қызмет атқарады.

Бұл кездесу 4 қазанда 19:00–де Қызылорда қаласындағы «Қайсар Арена» стадионында басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Ойынның бас төрешісі міндеті швейцариялық Свен Вольфенсбергерге жүктелген. Оған отандастары Стефан Де Альмейда мен Йонас Эрни көмектеседі. VAR төрешісі ден сол елдің өкілі Йоханнес фон Мандах.
Ал AVAR төрешісі міндетін астаналық Арман Есмұратов атқарса, қосалқы төреші: көшетаулық Данил Горда болады.
Айта кетсек, Қызылорда қаласында жаңадан бой көтерген «Қайсар-арена» стадионы UEFA-ның ең жоғары 4-ші санатты сертификатына ие болды.
Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы кәсіби клубтар арасындағы жарыстар өткізу дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайыр Қазақстан кубогын таныстыру рәсімінде журналистерге айтып берді.
UEFA мамандары стадионды сретификаттау бағытында тиісті жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде оны ең жоғарғы 4-ші санатты сертификатына лайықты деп таныды.