Футболдан Қазақстан құрамасының алдағы екі ойынға нақты тізімі жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі алдағы екі кездесуіне қатысатын ойыншылардың нақты тізімін жариялады.

футбол
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Ұлттық құрама өз алаңында 10 қазанда Лихтенштейнді қабылдаса, 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македониямен шеберлік байқасады. 

Қақпашылар: Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Кажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі — «Ордабасы»), Әлібек Қасым, Бағдат Қайыров (екеуі — «Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Сағи Совет («Жеңіс»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Дінмұхаммед Кашкен («Жетісу»), Арсен Әшірбек («Оқжетпес»);

Жартылай қорғаушылар: Дәурен Жұмат («Оқжетпес»), Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман (екеуі — «Жеңіс»), Рамазан Оразов, Алмас Төлебай (екеуі – «Елімай»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Бактиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей), Муроджон Халматов («Ордабасы»), Дамир Қасаболат («Қайрат»), Георгий Жуков («Ақтөбе»);

Шабуылшылар: Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Иван Свиридов, Ғалымжан Кенжебек (екеуі — «Елімай»).

Еске салсақ, қазірге дейін қазақстандық футболшылар Бельгия (0:6), Уэльс (1:3, 0:1) пен Солтүстік Македония (0:1) құрамаларынан жеңіліп, Лихтенштейннен (2:0) басым түсті.

Соңғы жаңалықтар