Футболдан Қазақстан құрамасының алдағы кездесуінде қақпашы міндетін кім атқарады

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Солтүстік Македония кездесуі жөнінде пікірін білдірді.

футбол
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Кездесу жергілікті уақытпен сағат 18:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұл кездесуде бас төреші қызметін словакиядық Филип Глова атқарады. Оған отандастары Даниэль Полачек пен Питер Беднар көмектеседі. Қосалы төреші де сол елдің өкілі – Питер Кралович.

- Ұлттық құрама жұмыс режимінде дайындалуда, біз жоспарланған циклды өткіздік. Менің ойымша, құрама физикалық және моральдық тұрғыдан дайын. Барлығы жасыл алаңға шығып, қажетті нәтижеге жету үшін күш салатынын айтып отыр. Солтүстік Македонияда еуропалық футболдың соңғы жұлдыздары ойнамайды. Соған қарамастан оларды тәжірибелі құрама деп айта аламын. Бірақ біздің жігіттер сенімді ақтайды деген ойдамын, - деді ол.

Сондай-ақ бас бапкер қақпада кімге сенім артатыны жөнінде пікір білдірді.

Оның айтуынша, қазір құрама сапында біліктілік және тәжірибесі Александр Заруцкий, Мұхамеджан Сейсен, Бекхан Шайзада секілді жоғары үш қақпашы бар. Олардың кез келгені негізгі құрамда жасыл алаңға шығуы әбден мүмкін.

Бас бапкердің айтуынша, ұлттық құраманың соңғы ойындарында Наурызбек Жагоров, Ғалымжан Кенжебек, Әділбек Жұмаханов секілді жас футболшылар өздерін жақсы қырынан көрсетіп үлгерді.

Қазірге дейін ел құрамасы Уэльске (1:3) жол беріп, Лихтенштейнді (2:0) қапы қалдырды. Әзірге отандастарымыз турнир кестесінде үш ұпаймен үшінші орында келеді.

Соңғы жаңалықтар