Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері өмірден өтті

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының 1995-1997 жылдары бас бапкері болған Серік Бердалин 79 жасында өмірден өтті. Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері өмірден өтті
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қарағанды футболының түлегі Серік Бердалин «Шахтёр» және «Металлург/Строитель» командаларында ойнаған. Спорттық мансабын аяқтаған соң «Шахтёр», «Ертіс» және «Жетісу» сынды бірқатар қазақстандық клубта бапкерлік әрі басшылық қызмет атқарды.

Серік Бердалиннің жетекшілігімен «Шахтёр» (1995) мен «Ертіс» (1998) Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.

1995-1997 жылдары Серік Сәрсембайұлы Қазақстан ұлттық құрамасын басқарды, ал 2003-2008 жылдары Қазақстанның Туризм және спорт агенттігінде футбол бойынша мемлекеттік жаттықтырушы қызметін атқарды. 

Серік Бердалин – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт қайраткері, сондай-ақ 1995 жылғы елдің үздік футбол жаттықтырушысы атағының иегері. 

Еске салсақ, бұған дейін Михаил Ломтадзе «Жеңіс» клубының иесі атанғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар