Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқарушы Талғат Байсуфинов қараша айында өтетін екі кездесуге шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды
Фото: ҚФФ

Қазақстандық футболшылар алдымен 15 қарашада өз алаңында 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде Бельгияны қабылдайды. Ал 18 қарашада Хорватияда Фарер аралдары құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Кажымқкан Төлепберген («Оқжетпес»);

Қорғаушылар: Арсен Әшірбек («Оқжетпес»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Сағадат Тұрсынбай, Сұлтанбек Астанов (барлығы – «Ордабасы»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Ян Вороговский («Астана»), Әлібек Қасым, Талғат Көсепов, Бағдат Қайыров (барлығы – «Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Жан Али Пайруз, Алмас Төлебай, Ғалымжан Кенжебек (барлығы – «Елімай»), Муроджон Халматов («Ордабасы»), Ерсұлтан Қалдыбеков («Қайсар»), Дамир Қасаболат («Кайрат»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Исламбек Қуат, Дінмухамед Қараман (оекеуі – «Жеңіс»), Серікжан Мужиков, Дәурен Жұмат (екеуі – «Оқжетпес»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Бактиер Зайнутдинов («Динамо», Ресей);

Шабуылшылар: Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Иван Свиридов («Елімай»), Артур Шушеначев, Оралхан Өміртаев (екеуі – «Ақтөбе»), Рамазан Каримов («Астана»), Айбар Жақсылықов («Қайсар»).

Ұлттық құрама әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде J тобында сынға түсіп жаты. Қазір 7 кездесуден кейін 7 ұпаймен төртінші орында келеді. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алған 3 команда белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар