Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Өзбекстанды жеңді
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы жолдастық кездесуде Өзбекстаннан басым түсті.
Кездесу барысында отандастарымыз 2:0 есебімен жеңді. Екі голды да біздің футболшылар екінші таймда соқты. Алдымен Қайсар Әнуарбек есепті ашса, артынша Бекнұр Нұрлан есепті еселей түсті.
Бұл жеңіс жас ойыншылардың дайындығы жақсы деңгейде екенін көрсетті. Енді олар алдағы халықаралық турнирлерге дайындалады.
Еске салсақ, бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынын сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы өткізеді.
Кездесу 13 қазанда Қазақстан уақтымен сағат 23:45–те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Бұл ойында бас төреші міндетін испаниялық Хуан Мартинес атқарса, оған отандастары Диего Барберо мен Иван Массо көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Алехандро Муньис Руис.