Футболдан Конференция лигасының 1/16 финалының жеребесі тартылды
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Конференция лигасының 1/16 финалының жеребесі тартылды.
Дүбірлі доданың бұл кезеңі 19 және 26 ақпан күндері өткізіледі.
«Ягеллония» (Польша) - «Фиорентина» (Италия)
«Шкендия» (Македония) - «Самсунспор» (Түркия)
«Ноа» (Армения) - «АЗ Алкмаар» (Нидерланд)
«Сигма» (Чехия) - «Лозанна» (Швейцария)
«Зриньски» (Босния және Герцоговина) - «Кристал Пэлас» (Англия)
«Дрита» (Косово)- «Целе» (Словения)
«Омония» (Кипр) - «Риека» (Хорватия)
КуПС (Финляндия) - «Лех» (Польша).
Конференция лигасының 1/16 финалдан үздік шыққан командалар 1/8 финалда негізгі кезеңде алғашқы сегіздікте болған клубтармен кездеседі.
Ал 1/8 финал ойындары 12, 19 наурыз күндері болса, ширек финал 9 және 16 сәуірге жоспарланған.
Командалар жартылай финалда 30 сәуір мен 7 мамырда ойнайды.
Финал Германияның Лейпциг қаласындағы «Лейпциг Штадиум» стадионында болады.