Футболдан Лига кубогы турнирінің ойын күнтізбесі белгілі болды

футбол
Фото: Наталья Зинченко \ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Лига кубогы турнирінің ойын күнтізбесі белгілі болды. Оған қатысатын 16 команда төрт топта сынға түсіп, әрқайсысы үш ойыннан өткізеді.

Топтық кезең ойындары 25-26 мамыр, 6-7 шілде, 20-21 шілде күндеріне белгіленген.

Одан кейін жартылай финалда 10-11 тамыз бен 30 қазанда А мен В, С мен D топтарының жеңімпаздары өзара кездеседі. Жартылай финалда 10-11 тамыз бен 30 қазанда кездеседі. Ал финал 24 қарашаға жоспарланған.

Айта кетсек, А тобында «Тараз», «Қызылжар» (Петропавл), «Қайрат» (Алматы), «Ақжайық» (Орал), В тобында «Жеңіс» (Астана), «Тобыл» (Қостанай), «Ақтөбе», «Қайсар» (Қызылорда) өзара шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, С тобында «Атырау», «Ордабасы» (Шымкент), «Елімай» (Семей), «Тұран» (Түркістан), D тобында «Жетісу» (Талдықорған), «Астана», «Каспий» (Ақтау), «Шахтер (Қарағанды) сынға түседі.

Еске салсақ, биыл футболшы Айбол Әбікен «Ордабасы» футбол клубында ойын көрсетеді.

 

Соңғы жаңалықтар