Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстан және Грекия кездесуі қай арнадан көрсетіледі

АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Футболдан Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы Қазақстан және Грекия құрамаларының кездесуі қай арнадан көрсетілетіні белгілі болды.

Футбол
Фото: olympic.kz

2024 жылғы Еуропа Чемпионатының жолдамасы үшін екі құрама 21 наурызда бақ сынайды. Ойын 21 наурыздан 22-не қараан түні сағат 00:35-те «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазір ұлттық құрама Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Оқу-жаттығу жиыны аясында қазақстандық футболшылар Түркіменстанмен өткен жолдастық кездесуде қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Кейіннен оқу-жаттығу жиынына Бактиер Зайнутдинов пен Абат Айымбетов қосылды.

Айта кетсек, ел құрамасы Грекияға 19 наурызда аттанады.

Жеңген жағдайда 26 наурызда тағы да сырт алаңда Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады. Жеңімпаз құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама алады.

Қазақстандық футболшылар құрлықтық доданың іріктеу сатысында H тобында сынға түсіп, үшінші орынға тұрақтады. Олар барлығы 18 ұпай жинап, ұлттық құраманың рекордын жаңартты.

Соңғы жаңалықтар