Футболдан жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы Беларуське есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Беларуське қарсы жолдастық кездесу өткізді. 

Футболдан жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы Беларуське есе жіберді
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Ойын барысында беларусьтік құрамадан Валерий Громыко 26-минутта есеп ашса, одан кейін Валерий Бочеров 31-минутта есепті үстемелей түсті.

Ал 50-минутта олардың қатарынан Трофим Мельниченко тағы бір гол соқса, оған қазақстандық Ғалымжан Кенжебек 74-минутта бір голмен жауап берді.

Ойынның нүктесін 85-минутта беларусьтік Евгений Шикавка соққан гол қойды.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 1:4 есебімен жол берді.

Қазірге дейін құрамалар өзара жеті ойын өткізген. Оның төртеуінде Беларусь құрамасы жеңсе, тағы екі матч тең есеппен аяқталып, біреуінде қазақстандық футболшылар басым түсті

2026 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық футболшылар J тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары — Бельгия, Солтүстік Македония, Уэльс, Лихтенштейн.

Қазірге дейін ел құрамасы Уэльске (1:3) жол беріп, Люксембургті (2:0) қапы қалдырды. Турнир кестесінде үш ұпаймен үшінші орында келеді.

Енді 10 маусымда өз алаңында Солтүстік Македонияны қабылдайды.

Ал Беларусь құрамасы енді 10 маусымда өз алаңында Ресеймен жолдастық кездесу өткізеді.

Соңғы жаңалықтар