Футзал: Қазақстан құрамасының қарсыластары толық анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан құрамасы 2020 жылғы әлем чемпионаты негізгі кезеңі бесінші тобындағы құрамалар түгелдей анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

2018 жылдың 12 желтоқсанында футзалдан 2020 жылғы әлем чемпионаты алғашқы және негізгі іріктеу кезеңдерінің жеребесі тартылған еді. Онда Қазақстан мен Румвния құрамалары бесінші топқа түсті. Қалған екі құрама алғашқы іріктеу кезеңінен кейін анықталатын еді.

2019 жылдың 29 қаңтар-3 ақпан күндері алғашқы іріктеу кезеңдері ойындары өтті. Өз тобында жеңімпаз атанған Голландия мен Албания құрамалары бесінші топты толықтырды.

Аталмыш топ ойындары 2019 жылдың 22-27 қазан күндері Румынияда өткізіледі.

Қазақстан бұған дейін Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне екі мәрте шыққан болатын. Алғаш 2000 жылы Гватемалада өткен бәсекеде А тобында Бразилиядан 1:12, Гватемаладан 5:6, Поруталиядан 2:6 есебімен жеңілді. Осының нәтижесінде өз тобында төртінші орын алды. Ал 2016 жылы Колумбияда өткен аламанда Е тобында екінші орын иеленді. Алдымен Аргентинадан 0:1 есебімен жеңілгенімен, одан кейін Коста-Риканы 3:1, Соломон аралдарын 10:0 есебімен жеңді. Жарыстың 1/8 финалдық сатысында Испаниядан 2:5 есебімен жеңіліп қалды.

Әлем чемпионатының финалдық кезеңі 2020 жылдың 13 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Литвада өткізіледі.

Қазақстан құрамасы 1 және 2 ақпан күндері Хорватия құрамасымен Алматыда екі жолдастық кездесу өткізді. Біздің жігіттер алғашқы ойында 2:1 еебімен басым түссе, одан кейін 0:0 есебімен тең ойнады.

Соңғы жаңалықтар