Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

спорт
Фото: kazfootball.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футзалдан әлем чемпионаты финалдық сатысындағы Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды.

Дүбірлі дода 14 қыркүйек-6 қазан аралығында Өзбекстанның Ташкент, Бұхара және Әндіжан қалаларында болады.

Ел құрамасы D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Испания, Жаңа Зеландия және Ливия құрамалары.

Құрамалардың топтарға бөлінісі төмендегіше:

А тобы: Өзбекстан, Нидерланд, Парагвай, Коста-Рика

В тобы: Бразилия, Куба, Хорватия, Таиланд

С тобы: Аргентина, Украина, Ауғанстан, Ангола.

D тобы: Испания, Қазақстан, Жаңа Зеландия, Ливия.

Е тобы: Португалия, Тәжікстан, Марокко, Панама.

F тобы: Иран, Венесуэла, Франция, Гватемала.

Әлем чемпионаты 14 қыркүйек-6 қазан аралығында Ташкент, Бұхара және Әндіжан қалаларында болады. Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсіп, 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.

Айта кетсек, ФИФА-ның алғашқы рейтингісінде Қазақстан футзал құрамасы 4-орынға жайғасты.

 

Соңғы жаңалықтар