22:10, 28 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Футзалдан ел біріншілігінде «Семей» «Қайратты» ірі есеппен жеңді
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футзалдан Қазақстан біріншілігі IV турының кезекті ойын күні өтеді.

Бұл күнгі басты кездесуде «Семей» мен алматылық «Қайрат» командалары арасында болды.
Қос команда кейінгі жылдары ел біріншілігінде бас жүлдеге таласып келеді. Сондай-ақ олар еурокубок ойындарында Қазақстан намысын қорғап жүр.
Бүгінгі кездесу барысында семейлік клуб қарсыласынан 10:4 есебімен басым түсті. Олар 27 қыркүйекте аталған қарсыласын 5:2 есебімен сүріндірген еді.
27 қыркүйек
- «Байтерек» (Орал) - «Тұлпар» (Қарағанды) 3:2
- «Астана» - «Ақтөбе» 3:4
- «Қарағанды» - «Жетісу» (Талдықорған) 3:0
- «Шымкент» - «Аят» (Рудный) 0:6
28 қыркүйек
- «Байтерек» (Орал) - «Тұлпар» (Қарағанды) 2:3
- «Астана» - «Ақтөбе» 0:7
- «Қарағанды» - «Жетісу» (Талдықорған) 4:1
- «Шымкент» - «Аят» (Рудный) 4:5
Бұл турда 25-26 қыркүйек күндері ақтаулық «Каспий» «Атырауды» 3:2 себімен жеңсе, тағы бір кездесуде 0:0 есебімен тең түсті.
Енді 5-6 тур ойындары 4 және 5 қазан күндері өткізіледі.
Айта кетсек, футзалдан ел біріншілігінде биыл 12 команда бақ сынап жатыр.