Футзалдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан — Армения кездесуі қай телеарнадан көрсетіледі
АСТАНА. KAZINFORM — Футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Қазақстан және Армения кездесуі қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды.

Аталған ойын 12 наурызда елорда уақытымен 19:50–де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі құрама алтыншы топта сынға түсіп жатыр. Қазір турнир кестесінде бес турдан кейін 13 ұпаймен Армения бірінші орында тұр. Ал Қазақстанның еншісінде 10 ұпай жазылған.
Бұл кездесуде жеңімпаз болған құрама құрлықтық доданың финалдық сатысына тікелей жолдама алады. Екінші орындағы құрамалар қосымша жолдамаға таласады.
Ел құрамасы 10 наурызда Армения астанасы Ереван қаласына келіп жетті. Олар алғашқы жаттығуын өткізіп үлгерді.
Айта кетсек, қазірге дейін Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде бес ойын өткізді. Алдымен
Албанияны 2:0 есебімен жеңсе, одан кейін Армениямен 4:4 есебімен тең ойнады. Үшінші кездесуінде Даниядан 2:3 есебімен жеңіліп қалса, өз алаңында аталған қарсыласын 7:3 есебімен тізе бүктірген еді. Бесінші ойында Албаниядан 4:2 есебімен басым түсті.