Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Италияға жетті

АСТАНА. KAZINFORM - Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі плей-офф сатысындағы алғашқы ойынын өткізу үшін Италияға жетті.

футзал Қазақстан құрамасы
Фото: ҚФФ

Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрманның хабарлауынша, алғашқы кездесуде ел құрамасынан кімдердің ойынға шыға алмайтыны белгілі болды 

Сары қағаздың көптігіне байланысты Біржан Оразов пен Лео, жарақаты салдарынан Жахангир Рашит құрамаға көмектесе алмайды. Есесіне жарақатынан айыққан Альберт Ақбалықовтың алаңға шығуына мүмкіндігі бар. 

Бас бапкер Пауло Рикардо Кака алдағы плей-офф кезеңіндегі ұлттық құраманың Италиямен екі кездесуіне төмендегі ойыншыларға сенім артты.

Қақпашылар: Игита, Қанат Жеткірбаев, Талғат Өтепбергенов;

Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Эдсон, Біржан Оразов, Дамир Қайырбай, Шыңғыс Есенаманов, Арнольд Кнауб, Ақжол Дәрібай, Ринат Төреғазин. Ержан Карменов, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Иван Марахов, Альберт Ақбалықов, Владислав Черномордов. 

Кездесу Қазақстан уақытымен 22:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар