Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Г.Әбдіқалықова Санкт-Петерборда өтетін Еуразиялық әйелдер форумына қазақстандық делегацияны бастап барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Санкт-Петерборда өтетін Еуразиялық әйелдер форумына қазақстандық делегацияны бастап барады. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен брифингте коммуникация қызметінің ресми өкілі Әсет Мұқажанов мәлім етті.

Г.Әбдіқалықова Санкт-Петерборда өтетін Еуразиялық әйелдер форумына қазақстандық делегацияны бастап барады

"23-25 қыркүйек аралығында Санкт-Петерборда Еуразиялық әйелдер форумы өтеді, қазақстандық делегацияны ҚР Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіқалықова бастап барады", - деп атап өтті ол.

Сапар барысында Мемлекеттік xатшы бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарлануда. Атап айтқанда, ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен, РФ Үкімет басшысының орынбасары Ольга Голодецпен, Беларусь Үкімет басшысының орынбасары Наталья Кочановамен және өзге де белді мемлекеттік лауазымды тұлғалармен келіссөз жүргізбек.