Г.Әбдіқалықова: Ұлт жоспарын жүзеге асыруда әйелдердің жұмыспен қамтылу мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажет

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықованың Солтүстік Қазақстан облысына сапары аймақтағы әйелдер қауымымен кездесуімен аяқталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Өз сөзінде Гүлшара Әбдіқалықова солтүстікқазақстандық әйелдердің іскерлік белсенділігін атап өтті.

«Елбасы тапсырмасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары әзірленді. Бұл жоспарды жүзеге асыруда әйелдердің жұмыспен қамтылуына, әйелдер, жастар, қартаң адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандар кәсіпкерлігін қолдауға, аналар мен балаларды қорғауға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға көңіл бөлу қажет», деп атап өтті Гүлшара Наушақызы. Кездесу соңында Гүлшара Әбдіқалықова облыс басшылығына бірқатар тапсырмалар берді. Ал СҚО әкімі Ерік Сұлтанов әйелдер қауымының іскерлік және көшбасшылық қасиеттерін дамытудың зор мәнге ие екенін баса айтты.

Соңғы жаңалықтар