Ғаламшардағы ең «шапшаң» адам футболға кетуді шешті

өзінің спорттық қызметінің бағытын ауыстырып, өз күшін футболда сынап көру шешімін қабылдады.
Спринтер өзін атақты британдық "Манчестер Юнайтед" клубында ойнауға лайық деп есептейді, және көпшілік алдында «манкуниандықтардың» бас жаттықтырушысы Алекс Фергюссонға көпшілік алдында ресми мәлімдеме жасап та үлгерді.
Утро.рудың хабарлауынша, «қызыл шайтандардың» жаттықтырушысы оған «ескі арманын» жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенімді екенін айтты, алайда футбол үшін «тым жүйрік» бола алатынын да қосып өтті. Болт оның сөздерінің құр сөз еместігін атап өтті. «Егер Алекс Фергюссон маған телефонмен хабарласып, «Жақсы, кел де - қолыңнан келетінді көрсет» десе, мен оған «Жоқ» деп жауап бере алмаймын, - деп жазады басылым.
Естеріңізге сала кетейік, Усейн Болт Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында жүз метрге жүгіруде алтын медаль жеңіп алды. Спортшы бұл қашықтықты 9,63 секундта өтіп, жаңа әлемдік рекордқа қол жеткізді. Бүгін ол 200 метрге жүгіруде іріктеу сынына қатысады.