Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін Анголамен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатында алғашқы ойынын өткізеді.

Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты
Фото: Тұрар Қазанғапов/ҚР ҰОК

Дүбірлі додада барлығы 32 құрама сынға түседі. Отандастарымыз H тобында Норвегия, Оңтүстік Корея және Анголамен ойнайды.

Қазақстанлық гандболшылар бүгін сағат 21:50-де Анголамен кездеседі. Матч «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама бұған дейін 2008 жылы 17 тамызда Олимпиадада кездесіп, ойын 24:24 есебімен тең аяқталды.

Ангола құрамасы Африка құрлығында он бес мәрте чемпиондық атақты жеңіп алған. Сондай-ақ олар 1996 жылдан бері Олимпиадаға тұрақты түрде қатысып келеді. Әзірге жоғары жетістігі ретінде 2016 жылы 8 орын алғандығы тіркеліп отыр.

Ал әлем чемпионатына 1990 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Олар 2007 жылы жетінші орынға табан тіреген еді.

Қазақстандық гандболшылар 2008 жылы Олимпиадада 10-орынға алған еді. Одан кейінгі жылдарда дүбірлі додадан тыс қалды.

Отандастарымыз қазірге дейін әлем чемпионатында жеті мәрте бақ сынады. Олардың жоғары жетістігі - 2007 жылғы 18-орын.

Әлем чемпионатына қатысатын құрамалар

А тобы: Дания, Румыния, Жапония, Хорватия,

В тобы: Венгрия, Швейцария, Сенегал, Иран

С тобы: Сербия, Германия, Исландия, Уругвай

D тобы: Испания, Черногория, Фарер аралдары, Парагвай

E тобы: Нидерланд, Аустрия, Аргентина, Египет

F тобы: Франция, Польша, Тунис, Қытай

G тобы: Швеция, Бразилия, Чехия, Куба

H тобы: Норвегия, Ангола, Оңтүстік Корея, Қазақстан

Әлем чемпионаты 2025 жылдың 26 қараша және 14 желтоқсан аралығында өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар