Ғарыштық зерттеулер және технологиялар ұлттық орталығының 10 жылдығына арналған жиын өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Қазғарыштың» бастамасымен «Ғарыш: ғылым және технологиялар» деген ұранмен «Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар ұлттық орталығы» АҚ құрылуына 10 жыл толуына арналған жиын өтуде.
None
None

Жиналысқа қатысқан Қазақстан мен Ресейдің, басқа да алыс және жақын шетелдердің ғарыштық зерттеулер ұйымының танымал ғалымдары мен мамандарына, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің қызметкерлеріне, «Қазғарышқа» қарайтын ведомстволардың мамандарына Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев құттықтау сөз арнады.

«Қазғарыш» басшысы Ғарыштық зерттеулер және технологиялар ұлттық орталығының Қазақстанның ғарыш ғылымын дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті.

Кездесуге келгендер Ғарыштық зерттеулер және технологиялар ұлттық орталығының қызметін қорытындылап, ғарыштық зерттеулер мен заманауи технологиялар саласын одан ары дамыту мен ынтымақтастық перспективаларын сөз етті, деп хабарлады аталмыш орталықтың баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар