21:28, 25 Қаңтар 2025 | GMT +5
Газа секторындағы үйлердің 92% қираған
АСТАНА. KAZINFORM — Газа секторының инфрақұрылымын қалпына келтіруге бірнеше жыл қажет. Бұл туралы 24.kz сайты жазды.
БҰҰ-ның өкілдері осылай деп отыр. Қарулы қақтығыстан, әсіресе, өңірдің солтүстік аудандары қатты зардап шеккен. Атыс-шабыс салдарынан Газадағы үйлердің 92%-і қираған. Оның ішінде 160 мың баспана жермен жексен болса, 276 мыңы бүлінген. Соның салдарынан тұрғындардың көбі қазір уақытша құрылған шатырларда тұруға мәжбүр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Құтқарушылар атыс тоқтағаннан бері Газа секторындағы үйінді астынан 162 адамның мәйітін шығарғанын жазған болатынбыз.
Газа секторы қол-аяғы ампутацияланған балалар саны бойынша әлемде бірінші орынға шықты.