Құтқарушылар атыс тоқтағаннан бері Газа секторындағы үйінді астынан 162 адамның мәйітін шығарды

АСТАНА. KAZINFORM - Газа секторында азаматтық қорғаныс күштері мен жергілікті тұрғындар әлі үйінді астында қалған палестиналықтардың мәйітін әлі іздеп жатыр, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Спасатели извлекли 162 тела из-под завалов в секторе Газа с момента прекращения огня
Фото: t.me/dcdgaza

Арнайы техниканың жетіспеушілігінен іздеу және қалпына келтіру жұмыстары қиындап тұр.

Сәрсенбі күні Газа секторының солтүстігі мен орталығынан екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлады Газа азаматтық қорғаныс басқармасы. Оңтүстік сектордан тағы жеті адамның мәйіті табылды.

Мәлімдемеге сәйкес, жексенбі күні анклавтағы атысты тоқтату келісімі күшіне енгеннен бері Газа секторында 162 мәйіт табылды.

Ведомство Палестина анклавында қаза тапқандарды алып шығуға қажетті құтқару техникасы мен құрылғылардың жетіспейтінін айтты.

- Израиль басып алған үйлер мен ғимараттардың астында әлі мыңдаған адамның мәйіті бар, ал біздің бригадалар техниканың жоқтығынан оларды таба алмай отыр, - делінген хабарламада.

Әл-Жазираның хабарлауынша, Израиль күштері Газа секторы мен Мысыр шекарасының бойындағы Филадельфи дәлізі маңында, әсіресе шығыс және оңтүстік аймақтарда жаралыларды емдеу және мәйіттерді жинау үшін кейбір аймақтарға жедел жәрдем мен құтқарушылардың жетуіне кедергі келтіріп отыр.

Бұған дейін Израиль армиясы Бас штабының бастығы 7 қазандағы сәтсіздікке жауапты екенін мойындағанын жазған болатынбыз.

Израиль делегациясы Газадағы атысты тоқтату келісімінің екінші кезеңін жалғастыру үшін Каирге келді.

 

Соңғы жаңалықтар