Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны 31 341-ге жетті 

АСТАНА. KAZINFORM — ХАМАС бақылауындағы денсаулық сақтау министрлігі бейсенбі күні Израильдің үздіксіз шабуылдары нәтижесінде Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың саны 31 341-ге жеткенін хабарлады.

Израиль палестиналықтардың орнына Үндістан мен Өзбекстан азаматтарын жұмысқа алып жатыр
Фото: Abed Rahim Khatib/Flash90

Мәлімдемеде Израиль армиясының соңғы 24 сағатта 69 палестиналықты өлтіріп, 110-ын жаралағаны, Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс басталғаннан бері жалпы қаза болғандар саны — 31 341, жаралылар саны 72 023-ке жеткені атап көрсетілді.

Ведомствоның хабарлауынша, қарқынды бомбалау және азаматтық қорғаныс пен жедел жәрдем бригадаларының жетіспеуінен адамдар әлі де үйінді астында қалып отыр.

Израиль 2023 жылдың 7 қазанында 1200-ге жуық адамды өлтіріп, 200-ден астам адамды кепілге алған ХАМАС-қа қарсы ауқымды шабуыл жасады.

Соңғы жаңалықтар