«Газпром нефть» Қазақстанда ірі зауыт сатып алды

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Ресейдің «Газпром нефть» компаниясы Қазақстанда жылына 300 мың тонна өнім дайындауға қауқарлы битум зауытын сатып алды,

«Газпром нефть»  Қазақстанда ірі зауыт сатып алды

деп хабарлайды РБК агенттігі.

«Газпром нефть» таратқан хабарлама бойынша, зауыт өнімдері Омбы мұнай өңдеу зауытынан шыққан гудрон затынан жасалатын болады. Омбыда орналасқан тағы бір ресейлік битум зауытының материалдары, енді Қазақстан, Орталық Азия елдеріне емес, федерацияның ішкі сұранысын қанағаттандыруға бағытталмақ.

«Қазақстан нарығы ауқымды әлеуетке ие. Болжам бойынша, жақын жылдары елдің битум материалдарына деген сұранысы 1,5 есеге артпақ. Шығарылатын өнімнің жоғары сапалылығы мен логистикалық саладағы үстемділігі арқасында «Газпром нефть» Қазақстанның 20 пайыз нарығын жайлап алуға және Орталық Азиядағы позициясын нығайтуға септігін тигізеді», - деді «Газпром нефть» компаниясы директорының логистика бойынша орынбасары Анатолий Чернер.

Қазақстанның оңтүстік аймағында Шымкент қаласының маңында орналасқан зауыт битум өнімдерінің кең түрін шығаруға әлеуеті жететін заманауи технологиялық кешен. Зауыт барлық көліктік инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілген. Батыс Еуропа - Батыс Қытай көлік дәлізіне жақын орналасуы - оның айырықша бәсекелестік басымдылығы болып саналады.