«General Electric» компаниясы елордадағы Локомотив құрастыру зауытының 20 пайыз акциясын сатып алады

sp;АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «General Electric» компаниясы Астанадағы Локовотив құрастыру зауытының 20 пайыз акциясын сатып алады. Бұған бүгін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның президенті Асқар Мәмин мен «General Electric» компаниясының президенті Лорензо Симонеллидің арасында қол қойылған меморандум негіз болды,
None
None

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Меморандумға қол қою рәсімі, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен Локовотив құрастыру зауытының алғашқы тепловозын іске қосу шарасы барысында өтті.

 Айта кетейік, «Эволюшн» үлгісіндегі алғашқы отандық локомотив «General Electric» компаниясының заманауи технологиялары негізінде құрастырылды. Іске қосылған тепловоз Еуро-3 стандарттарына толығымен сәйкес келетіндіктен, ол ауаға зиянды қалдықтарды 40 пайызға дейін аз шығарады және май мен отынды 17 пайызға дейін үнемдейді.

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға еншілес «Локомотив» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Локомотив құрастыру зауытында 269 адам жұмыс істейді. Оның 96-сы - инженер-техниктер. Зауыт директоры Мейрамғали Тілеужановтың айтуынша, үстіміздегі жылы 16 қызметкер АҚШ-та «General Electric» компаниясында білімдерін жетілдіріп келсе, тағы 100 қызметкер отандық машина құрастыру зауыттарында біліктіліктерін шыңдап қайтқан. Зауыт өз жұмысында 1200-ден астам жоғары технологиялы жабдықтарды қолданып отыр.

 Өз кезегінде, Л.Симонелли аталмыш жоба және компаниялар арасындағы қарым-қатынастар стратегиялық мәнге ие екендігін және компания алдағы уақытта денсаулық, мұнай және газ салаларына инвестициялар салуға ниетті екендігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар