Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Геосаяси ахуал ушығып, әлемдік мұнай қымбаттады

АСТАНА. KAZINFORM — Таяу Шығыстағы геосаяси ахуал ушыққан тұста әлемдік мұнай бағасы да өсе бастады.

Геосаяси ахуал ушығып, әлемдік мұнай қымбаттады
Фото: Reuters

Oilprice деректеріне сәйкес, 20 шілде таңертеңгі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 90,21 доллар болып, алдыңғы сауда сессиясымен салыстырғанда 2,40% қымбаттады. Ал WTI маркалы мұнайдың бағасы 84,24 долларға жетіп, 2,12% өсті.

Ресейдің Urals маркалы мұнайы да қымбаттап, бір баррелі 66,84 доллар болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,33% жоғары.

Айта кетейік, мұнай бағасының өсуіне Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістің күшеюі әсер етті. АҚШ-тың Иран аумағына жасаған кезекті соққыларынан кейін нарықта мұнай жеткізіліміне қауіп төнуі мүмкін деген алаңдаушылық артып, өңірдегі жағдайдың одан әрі ушығу қаупі күшейді.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ Иранға жасалған кезекті соққылардың аяқталғанын мәлімдеген еді.