Геосаяси жағдай өзгерсе, мұнай тасымалының қандай жолы бар – сарапшы пікірі

АСТАНА. KAZINFORM – Тәуелсіз сарапшы, Energy analytics каналының авторы Абзал Нарымбетов қазақстандық мұнайды сыртқа тасымалдаудың баламалы жолын атады.

Геосаяси жағдай өзгерсе, мұнай тасымалының қандай жолы бар – сарапшы пікірі
Фото: Солтан Жексебеков/Kazinform

- Біз 70 млн тонна мұнайды сыртқа жөнелтеміз. Соның 56 млн тоннасы Каспий құбыр консорциумы арқылы, 10 млн тонна мұнай «Атырау-Самара» арқылы және 1,5 млн тоннасы Ақтау арқылы жөнелтіледі, қалған 1 млн тонна мұнай Қытайға кетеді. Ақтау бағытында негізі 5-6 млн тоннаға дейін көтеруге болады. Мемлекет басшысы айтқандай, мұнай өндіруді 20 млн тоннаға өсіру жоспары бар. Геосаяси жағдай шиеленісіп кеткен жағдайда, біз Ресейден жөнелте алмасақ, балама жол болу керек, - дейді Абзал Нарымбетов.

Осы орайда сарапшы қазақстандық мұнайды Ақтау порты арқылы жөнелтуді жөн деп отыр. 

- Мұнай өндірісін 20 млн тоннаға жеткізу үшін қаражат құю керек, инфрақұрылым құру қажет. Сондықтан қазір бізде бүкіл мұнайды басқа бағытқа жіберудің балама жолы жоқ. Белгілі бір бөлігін Ақтау арқылы және Қытайға жібере аламыз. Қазір Қытайға 1 млн тонна мұнай жіберіп жатырмыз, оны 10 млн тоннаға дейін көтеруге болады. Ал қалған мұнайды жағдай өзгерсе шығара алмай қалуымыз мүмкін, - дейді ол.

Бұған дейін Energy analytics каналының авторы Абзал Нарымбетов мұнай өндірісінің көлеміне қатысты статитиска бойынша пікір білдірген еді

Соңғы жаңалықтар