Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Германия Елшісі әлеуметтік нысандар жұмысымен танысты

КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 11-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Өңірге іс сапармен келген Қазақстандағы Герман Федеративті республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Райнер Ойген Шлагетеер мырза Көкшетау қаласының бірқатар әлеуметтік нысандарының жұмысымен танысып,

Германия Елшісі әлеуметтік нысандар жұмысымен танысты
бұл бағыттағы игі істерге өз ризалығын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қала әкімі Бақыт Сапаровтың айтуынша, өткен жылы шаңырақ көтерген «Аялау» орталығының басты мақсаты жеткіншектерді бір мезгіл бақылауға алып, ата-аналарының қолын босатуға арналған. Мекемеде 108 бала демалып, 60-ы бір мезгіл ем қабылдайды. Ең бастысы мұнда мүмкіндігі шектеулі балғындар сан алуан ойындар ойнап, үйлеріне сергіп қатады. Бұл іске білікті 18 тәрбиеші маман тартылған. Ал көршілес орналасқан «Достар» мәдениет үйі бүгінде ұлтаралық қарым-қатынас орталығы болып табылады. Халықтар достығын нығайту мен насихаттауға бағытталған нысанда ұлттық мәдени орталықтар көркемөнерпаздар үйірмелері мен секциялар жұмыс жасайды. Олардың қатысуымен концерттік бағдарламалар, түрлі кездесулер, байқаулар өткізіледі. Елші мырза Германияда Қазақстан жылының жариялануына орай өзінің ойын білдіріп, екі ел арасындағы ынтымақты байланыстың жылдан жылға нығайып келе жатқанына қуанышты екенін жеткізді. «Қаланың әлеуметтік тіршілігімен алғаш танысуым болса да оң өзгерістер, айқын қадамдар бірден байқалады. Мүмкінлігі шектеулі балалардың қамқорлыққа алынғаны көңілге қуаныш ұялатады», - деп атап өтті мәртебелі мейман. Елші бұған дейін Щучье ауданында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, туристік кластерді өркендетуге қатысты басым бағыттармен танысып қайтқан болатын.