Германия парламентінің өкілі ҚазҰУ ректорымен кездесті
АЛМАТЫ. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Таңжарық Ілиясұлы/ - Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Жұмағұлов Германия Федеративтік Республикасы Христиандық-демократиялық парламенттік фракциясының жетекшісі Манфред Грундпен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жүздесу барысында ҚазҰУ ректоры германиялық конаққа білім берудегі мемлекеттік саясат ерекшеліктерімен таныстырып, математика және нанотехнологиялар саласындағы инновациялық іс-әрекет бағыттарын, университеттің Болон үрдісіне ену жолындағы жетістіктерін баяндап берді. Ал Германия парламентінің өкілі өз елінің Қазақстанмен екі жақты байланысты күшейтуді одан әрі дамыта беруге мүдделі екенін атап өтті. Кездесу соңында ҚазҰУ ректоры қонаққа университеттің 75 жылдығына арналған күміс медаль сыйлады.Германияда бүгінде 5 партия бар. Ал Манфред Грунд ГФР канцлері Ангела Меркель жетекшілік ететін партияның мүшесі, парламенттік фракциясының жетекшісі.