Германия үкіметі депутаттар үшін бизнес-класс рейстеріне қойылған шектеулерді жеңілдетті

АСТАНА. KAZINFORM — Бундестаг депутаттарына бизнес-класспен жиі ұшуға рұқсат етілді, деп хабарлайды DW ақпарат агенттігі. 

Германия үкіметі депутаттар үшін бизнес-класс рейстеріне қойылған шектеулерді жеңілдеттіелеты  бизнес-классом для депутатов
Фото: Pexels

2024 жылдың көктемінен бастап депутаттар төрт сағаттан аз уақыт ұшатын болса, эконом-класс билеттерін брондауға міндеттелген еді. Енді қатаң үнемдеу шараларын жеңілдету шешімі қабылданып, парламент мүшелері екі сағаттан көп уақытқа созылатын рейстерге бизнес-класс билеттерін брондай алатын болды.

Ең көп үнемдеуді екі сағатқа дейінгі рейстер қамтамасыз ететіні белгілі болды, бұл рейстерге қойылған шектеулер сақталады. Бірақ екі-төрт сағатқа созылатын рейстер жағдайында үнемдеу айтарлықтай емес, парламентарийлер көбінесе құпия құжаттармен жұмыс істеуге мәжбүр болғанда онша жайлы емес жағдайда жұмыс істеу мүмкіндіктері шектеулі болып отыр.

Бұған дейін Калифорнияда ұшақ апатқа ұшырағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар