Германияда әлеуметтік желіде канцлерді балағаттағандарға айыппұл салына бастады

АСТАНА.KAZINFORM — Германия соттары екі Facebook пайдаланушысын федералды канцлер Фридрих Мерцті жеке басын қорлағаны үшін соттады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің ЕО-дағы тілшісі.

Германияда әлеуметтік желіде канцлерді балағаттағандарға айыппұл салына бастады
Фото: ТАСС

Әрқайсысына күніне 30 айлық мөлшерлеме айыппұл салынды, бұл шамамен бір айлық табысқа тең және әдетте 2000 еуродан асады.

Қылмыстық істің қозғалуына Хайльбронн (Баден-Вюртемберг) полициясының Facebook аккаунтындағы жазбасы себеп болды. Жазбада канцлер Мерцтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оның сапары кезінде аймақта ұшуға уақытша тыйым салынғаны жарияланды. Алайда, әртүрлі бағалаулар бойынша, жазба астында қызу талқылау басталып, шамамен 400 пікір қалдырылды.

Сонымен қатар, Германия прокуратурасының мәліметі бойынша, көптеген пікір саяси сын шеңберінен шығып, жеке қорлау аясына өтті.

Tagesspiegel хабарлауынша, Хайльбронн прокуратурасы 39 пікірді тергеді. Екі пайдаланушыға қатысты іс сотқа жолданды.

Біреуі канцлерді «Lügenfritz» («Өтірікші Фриц») деп атаса, екіншісі ұятсыз мағынасы бар дөрекі лақап ат қолданған.

Екі үкім де күшіне енді. Соттар саяси қызметпен айналысатын адамдарға қатысты қорлау мен жала жабу үшін жазаны күшейтуді көздейтін Германия Қылмыстық кодексінің 188-бабын қолданды. Бұл ережеге сәйкес келу үшін мәлімдеме көпшілікке (соның ішінде әлеуметтік желілерде) жариялануы, жеке тұлғаның саяси мәртебесіне қатысты болуы және олардың қоғамдық қызметіне айтарлықтай кедергі келтіруі керек.
Германияда мұндай жағдайлар сирек емес. Саясаткерлер мен мемлекеттік қызметкерлердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау дәстүрлі түрде басқа елдердегі либералды тәсілден айырмашылығы, мұнда мұқият бақылауға алынған.

Фридрих Мерц 2025 жылдың мамыр айынан бері Германия канцлері қызметін атқарады. Оның үкіметі қазіргі уақытта экономикалық қиындықтар мен оппозициялық күштердің танымалдығының артуы аясында қиын ішкі саяси жағдайға тап болып отыр. 

Бұған дейін Өзбекстанда әлеуметтік желі арқылы балағатағат айтқандар қамауға алынуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.