00:26, 26 Ақпан 2017 | GMT +5
Германияда арам ойлы жүргізуші бір топ адамды басып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - БАҚ-та Германиядағы Гейдельбергте бір жүргізушінің жүргіншілердің өтпе жолында бір топ адамды қағып кеткен жайлы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Ren TV.

Әлгі оқиға орнынан қашып кетпекке әрекеттенген.
Жергілікті полицияның хабарлауынша, ер адам пышақпен қаруланған. Тәптіп сақшылары арам ойлыны тоқтатқан және атқан.
Ауыр жараланған жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Үш адам зардап шеккен, ал біреуі ауыр жарақаттанған. Қылмыстың не себепті жасалғаны әзірге белгісіз болып отыр.