14:50, 04 Наурыз 2026 | GMT +5
Германиядағы әлем чемпионаты: қазақстандық биатлоншылар спринтте қалай өнер көрсетті
АСТАНА. KAZINFORM – Германияның Арбер қаласында биатлоннан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Әлемдік біріншілік аясында бозбалалар мен жасөспірімдер арасында спринт жарысы ұйымдастырылды.
Бозбалалар арасында Кирилл Зотов 23-орын алды. Егор Немцев 49-орынға тұрақтаса, Евгений Полторанин 59-орыннан көрінді. Ал Никита Дудченко 75-орынға ие болды.
Жасөспірімдер арасында Захар Шкарин 39-орында мәреге жетті. Антон Редькин 59-орын алды. Ал Эрик Шефер 78-орынға жайғасса, Богдан Авизов 84-орынға тұрақтады.
Бүгін, 4 наурызда осы дисциплинада қыздар жарыс жолына шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық биатлоншылардың Норвегиядағы Еуропа чемпионатына қатысқанын жазған едік.