Германиядан келген кәсіпкерлер Өскеменнің кәсіпорындарында болады
ӨСКЕМЕН. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Осы күндері Өскеменге алғашқы ресми сапарын жасап жүрген Германдық кәсіпкерлер бүгін облыс орталығының ірі кәсіпорындары «Үлбі металлургия зауыты» АҚ мен «Қазмырыш» АҚ-ның жұмыстарымен танысады.
Өткен күндері германдық кәсіпкерлердің шығысқазақстандық бизнесмендермен іскерлік кездесулері өтті. Сол күні облыс әкімінің орынбасары Ермак Салимов пен германдық делегация басшысы, Германияның Экономика және технология министрі, ТМД елдерімен сыртқы саясат байланыстары жөніндегі департамент жетекшісінің орынбасары Франк Вайзиганың қатысуымен сапардың алғашқы күнінің пленарлық бөлігі өтті.