Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Германияның «диоксин» мәселесі бойынша материалдарын Ресей Кеден одағы бойынша әріптестерімен талқылайды

САНКТ-ПЕТЕРБОР. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Германиядан «диоксин» мәселесі бойынша түсіп жатқан барлық материалдарды Ресей Кеден одағы бойынша әріптестері - Қазақстанмен және Беларуспен бірге талқыламақшы.

Германияның «диоксин» мәселесі бойынша материалдарын Ресей Кеден одағы бойынша әріптестерімен талқылайды

Бұл туралы Германияның ауыл шаруашылығы министрі Ильзе Айгнермен кездесуі барысында Ресей аграрлық ведомствосының басшысы Елена Скрынник мәлімдеді.

«Неміс тарабы осы мәселеге қатысты қосымша құжаттарды жеткізетінін және Ресеймен агроазық-түлік саласындағы ынтымақтастықтың одан әрі құрылымдық, өзара тиімді бағытын ұстанатынына сенім білдірді», - деп хабарлайды ресейлік ведомствоның баспасөз қызметі.