18:09, 21 Қараша 2014 | GMT +5
Германияның қоғамдық-саяси өкілдері ҚР Президентінің жаңа Жолдауын жоғары бағалады - ҚР СІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Германия Федеративті Республикасындағы Елшісі Болат Нүсіпов Германияның бұрынғы федералдық экономика министрі Михаель Глоспен кездесті. Кездесу барысында неміс саясаткері Қазақстанның жаңа экономикалық саясатына жоғары баға берді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

«М. Глос бүгінгі ғаламдық дағдарыс жағдайында экономика мен әлеуметтік саланы нығайта отырып, сондай-ақ көліктік-логистикалық инфрақұрылымды кеңейтуге ынта қойған еліміз дамудың жаңа кезеңіне шығатынын атап өтті», делінген хабарламада.
М.Глостың айтыуынша, Қазақстан мен Германия арасында экономикалық ынтымақтастықты жандандыру Қазақстанның жаңа экономикалық саясатында қойылған мақсаттарды шешуге жәрдем жасайтын болады.