ГФР Елшілігі Берлин қабырғасын құлауының 120 жылдығына арналған көрме ұйымдастыруда

АСТАНА.  Қыркүйектің  25-і. ҚазАқпарат - Бір қаланы, герман    халқын  және      тұтас құрлықты    40 жыл бойы  бөліп   тұрған   ызғарлы символ - Берлин  қабырғасы 1989 жылы   қарашаның  8-інде    құлаған болатын,

ГФР Елшілігі   Берлин  қабырғасын   құлауының 120 жылдығына арналған  көрме  ұйымдастыруда

деп  хабарлайды    Германия Федеративтік Республикасының   Қазақстандағы  Елшілігінің баспасөз қызметінен.  

Ағымдағы жылдың  күзінде Германия   адамдардың арасын бөлген   осынау Берлин қабырғасының құлатылуының 20 жылдығын    атап  өтеді.   Кезінде осынау  қабырғаға қарамастан,    немістердің  ұлттық   бірлігі  ешқашан жоғалмаған еді.

 Сайлаудың  жалған   қорытындысы,      бұрын-соңғы болмаған      эмиграция  толқыны және  бұқаралық      шерулер    1989 жылы    бірнеше айдың ішінде Германия Демократиялық  Республикасы мемлекеттік аппаратының  құлдырауына  әкеліп тіреді.    Қазанның 18-інде   ГДР-дың мемлекет   басшысы   және партия     жетекшісі  Эрих  Хонеккердің    отставкаға  кетіп,    қарашаның 9-ында   Берлин қабырғасы  құлағаннан кейін,      елде  бірігу   үдерісі    басталған.  1990 жылы мамырдың  18-інде   ГФР мен    ГДР арасында   ортақ экономикалық, валюталық және   әлеуметтік  одақ  құру  туралы келісім  жасалды.

 ГДР 1990   жылы шілденің 1-інен   бастап  ГФР-дің   экономикалық  және  құқықтық   тәртібінің    басым бөлігін     қабылдайды,  неміс маркасы   ГДР-да жалғыз  валютаға  айналады.   ГДР-дің   Федеративтік  Республикаға қосылу үрдісі   осымен аяқталады.  Ал Демократиялық Республиканың  Федеративтік  Республикаға   қосылуын   реттейтін  бірігу  туралы  келісімшартқа қатысты   келіссөздер    шілденің 6-сында Берлинде  басталды.   Тамыздың 23-інде    өткен  арнайы  отырыста  халық партиясы   Ата  заңның 23-ші бабына сәйкес Германия Демократиялық Республикасының     1990 жылы  қазанның 3-інде    Федеративтік Республикаға қосылатыны  туралы шешім   қабылданды.   Қазанның  3-інде   жүздеген  мың  адам Берлинде  және  Германияның басқа  қалаларында Герман бірлігінің күнін атап өтеді. 

Осынау атаулы күнге    байланысты  Германия  Елшілігі   Берлин  қабырғасының  құлауының   20 жылдығына  орай    Астана, Павлодар,   Өскемен,   Көкшетау, Петропавл және   Қостанай  қалаларында      көрме   өткізуде.