Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Голландиялық компания Алматыда инновациялық жылыжай салуға ниетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Инвесторлардың қызмет көрсету орталығы қала аумағында инновациялық жылыжай кешенін ашу бойынша голландиялық «Staay Food Group» компаниясымен белсенді түрде келіссөз жүргізуде. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасынан хабарлады.

Голландиялық  компания Алматыда инновациялық жылыжай салуға ниетті

Еуропалық тарап өкілдері Алматыда көкөністер мен жемістердің толық ассортиментін өсіру ниеті барын айтты. Олардың айтуынша, жобаның инновациялылығы жылыжай кешенінің жер учаскесін қажет етпеуінде: көкөністер мен жемістер арнайы сөрелерде өсіріледі.

Staay Food Group BV  өзінің еншілес кәсіпорындарымен бірге жаңа піскен жемістер мен көкөністерді өсіріп, жеткізеді.  Компания   1946  жылы құрылған және Папендрехт, Нидерланды қалаларында жұмыс істейді. Компанияның   Нидерланды, Испания, Израиль, Мысыр, Шығыс  Еуропа, Оңтүстік Америка және Румынияда локациялары бар, сондай-ақ барша әлем бойынша қызмет жүргізеді.