Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Голливуд «Наруто» фильміне әлем бойынша жасөспірімдерді іздеп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Lionsgate студиясы «Наруто» мангасы бойынша түсірілетін фильмге халықаралық кастинг басталғанын жариялады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Голливуд объявил международный кастинг в легендарное аниме «Наруто»
Фото: EPA/TOMOYUKI KAYA

Франшизаның ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, қазір № 7 команданың мүшелері — Наруто Узумаки, Саске Учиха және Сакура Харуно рөлдерін сомдайтын актерлер іріктеліп жатыр. Қалған кейіпкерлерге арналған кастинг кейінірек өтеді.

Фильмнің режиссері Дестин Дэниел Креттон «Наруто» әлемін алғаш рет үлкен экранға шығарудың өзі үшін зор мәртебе екенін айтты.

Голливуд объявил международный кастинг на роли в легендарное аниме «Наруто»
Фото: EPA/TOMOYUKI KAYA

— Кисимото-сэнсэйдің туындылары бүкіл әлемдегі жанкүйерлердің бірнеше буынын шабыттандырды. Оның әлемі мен кейіпкерлерін толықметражды көркем фильм форматында алғаш рет үлкен экранға шығару — мен үшін үлкен құрмет. Біз №7 команда үшін жаһандық кастингті бастап, «Нарутоның» ғажайып әлемін көрерменге ұсынуға асығып отырмыз, — деді Креттон.

Манганың авторы Масаси Кисимото да болашақ экранизацияға қатысты әсерімен бөлісіп, болып жатқан жайттарға әлі де сене алмай жүргенін жеткізді.

— Өмірімде бірінен соң бірі ғажайып оқиғалар орын алып жатыр. Менің туындым — «Наруто» шынымен де Голливуд фильміне айналмақ! Ал режиссер ретінде қайталанбас Дестин Дэниел Креттонның таңдалуы — одан да үлкен қуаныш. Мұның бәріне әлі күнге дейін сене алар емеспін. Осынша керемет оқиға орын алған соң, алда бұдан да көп жақсылық күтіп тұрғанына сенемін. Дарынды әрі ынталы актерлермен кездесуді асыға күтемін. Кейіпкерлерімді үлкен экраннан көретін сәтті тағатсыздана күтіп жүрмін, — деді Кисимото.

Бұған дейін Kazinform тілшісі Қазақстан кинотеатрларында осы аптада не көруге болатынына шолу жасаған еді.