Головкиннің жаттықтырушысы оның «Канеломен» айқастағы артықшылығын атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) жаттықтырушысы Абель Санчес SecondsOut-ке берген сұхбатында Головкин-Саул Альварес жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

«Орта салмақтағы бұл жекпе-жек - Хаглер, Хирнс, Дуран сынды ұлы боксшылардың айқасымен парапар. Біз бұл жекпе-жекте жанкүйерлеріміздің көңілінен шығу үшін бар мүмкіндігімізді жұмсаймыз. «Канело» - мықты қарсылас, қолының жылдамдығы керемет, ал Головкиннің артықшылығы - «физикасында». Бұл жолы «Канело» алдыңғы жекпе-жектерінен мүлде басқаша айқасады. Геннадий де солай. Ол Джейкобспен болған жекпе-жектен өзгеше ойын өрнегін көрсетеді. Қарсыластар бір-біріне мүлде ұқсамайды», - деді Санчес.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді.  

Соңғы жаңалықтар