Гонконгтағы өрттен қаза тапқандар саны 83-ке жетті

АСТАНА. KAZINFORM –  Гонконгтағы тұрғын үй кешенінде болған өрттен қаза тапқандар саны артты, деп хабарлайды ТАСС.

Гонконгтағы өрттен қаза тапқандар саны 83-ке жетті
Фото: scmp.com

South China Morning Post басылымының мәліметінше, Гонконгтағы тұрғын үй кешеніндегі өрт салдарынан қаза тапқандар саны 83-ке жеткен.

Бұған дейін Гонконгтағы тұрғын үй кешенінде ірі өрт шыққаны хабарланған еді. Жанып кеткен өрт бамбуктан жасалған құрылыс қаңқаларын (құрастырылған уақытша орнатылатын саты-тіректерді) шарпыған. Олар ғимараттарға жөндеу жүргізу үшін қойылған. Кешенде шамамен екі мыңға жуық пәтер бар, онда төрт мыңға жуық адам тұрады. Алғашқы деректер бойынша қаза тапқандар саны 44-ке жеткен. Өртке ең жоғарғы деңгей берілген.

Еске салсақ, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин өрт салдарынан қаза тапқан және зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтқан еді

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев та Гонконгтағы өртке байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Айта кетелік Гонконг полициясы ғимараттарды жөндеумен айналысқан құрылыс компаниясының екі жетекшісі мен бір кеңесшісін абайсызда кісі өлтіру айыбымен қамауға алды

Соңғы жаңалықтар