19:23, 08 Сәуір 2026 | GMT +5
Грек-рим күресінен Азия чемпионаты: Ислам Евлоев қола жүлдеге қол жеткізді
АСТАНА. KAZINFORM –
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының спортшысы Ислам Евлоев Қырғызстанның Бішкек қаласында ұйымдастырылып жатқан Азия чемпионатында жүлделі орын алды.
97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Евлоев үшінші орынға тұрақтады.
Қола жүлде үшін өткен кездесуде ол Оңтүстік Корея спортшысы Минхо Лиді мерзімінен бұрын жеңді. Бастапқы кезеңнен бастап Евлоев бірнеше нәтижелі әдісті орындап, басымдық танытты. Осы нәтижемен Ислам Евлоев Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, бұған дейін 72 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Алматбек Аманбек алтын медаль иеленген. Сондай-ақ 82 келіге дейінгі салмақта Ибрагим Магомадов пен 87 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Тұрсынов қола жүлдеге қол жеткізді.