Қазақстандық балуан Ибрагим Магомадов Азия чемпионатында қола медаль иеленді

АСТАНА. KAZINFORM – Грек-рим күрес шебері Ибрагим Магомадов Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды. 

Қазақстандық балуан Ибрагим Магомадов Азия чемпионатында қола медаль иеленді
Фото: ҰОК

82 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз қола медаль үшін қытайлық балуан Руи Люменмен кездесіп, жеңіске жетті.

Бірінші үш минутта қарсылас 1:0 есебімен алға шықса, екінші кезеңде Ибрагим Магомадов басымдылық танытып, жалпы есепте 5:3 жеңіске жетті. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Алматбек Аманбектің Иран балуанын жеңіп, Азия чемпионатында алтын алған еді. 

Соңғы жаңалықтар