Грекия-Қазақстан футбол матчына нидерландылық төрешілер қазылық жасайды

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы Қазақстан және Грекия кездесуінде Нидерланд елінен Данни Маккели бастаған төрешілер бригадасы қызмет атқарады. 

футбол
Фото: kazfootball.kz

2024 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін екі құрама 21 наурызда бақ сынайды.
Ойын 21 наурыздан 22-не қараған түні сағат 00:35-те Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бас төреші - нидерландтық Данни Маккели. Оған отандастары Хессел Стеегстра мен Ян де Врис көмекшілік жасайды. Қосалы төреші де - сол елдің өкілі Аллард Линдхаут.

Аталған ойынға қазақстандық футболшылар Біріккен Араб әмірлігінің Дубай қаласында дайындалды.

Оқу-жаттығу жиыны аясында қазақстандық футболшылар Түрікменстанмен өткен жолдастық кездесуде қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Бұл жұптың жеңімпазы 26 наурызда тағы да сырт алаңда Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Жеңімпаз құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама алады.
Қазақстандық футболшылар құрлықтық доданың іріктеу сатысында H тобында сынға түсіп, үшінші орынға тұрақтады.

Соңғы жаңалықтар