Греция жағалауында 6,4 магнитудалық жер сілкінісі болды

АСТАНА. KAZINFORM - Греция жағалауында 6,4 магнитудалық жер сілікінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропа - Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады, деп жазады ресейлік ТАСС.

Жер сілкінісі
Фото: azerbaycan24.com

Орталықтың мәліметтері бойынша, зілзаланың ошағы 2,2 мың тұрғыны бар Карпатос аралынан оңтүстікке қарай 66 км қашықтықта жатыр, тереңдігі 14 км.

Зардап шеккендер мен құрбан болғандар туралы мәлімет жоқ. Цунами қаупі туралы ескерту болған жоқ.

Жерасты дүмпуі Мысыр аумағына да сезілді.

Осыған дейін Ыстанбұлдағы жер сілкінісінен кейін қала сыртындағы үйлерге сұраныс күрт артқаны туралы жаздық.

Мегаполистің көптеген тұрғындары көпқабатты үйлерден бас тартып, баламалы, сейсмикалық жағынан қауіпсіздеу тұрақ іздеуге көшті.

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар