Григорий Ломакин Түркиядағы турнирді сәтті бастады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 909-ракеткасы Григорий Ломакин Самсун (Түркия) челленджер турнирі іріктеу сайысының финалына шықты.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайысының жартылай финалында әлемдік рейтингіде 1 126-орындағы болгариялық Виктор Марковтың мысын басты.
Екі сет те 7:5 есебімен Г.Ломакиннің пайдасына шешілді.
Екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты бәсекеде Ломакин 6 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың екеуін құр жіберген жоқ. Марков 2 эйспен шектелді.
Григорий Ломакин іріктеу сайысының финалында әлемнің 508-ракеткасы, франциялық Константин Биттун-Кузьмин немесе рейтингіде 952-сатыдағы түркиялық Керем Йылмаздың қай жеңгенімен ойнайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Аустриядағы турнирде чемпиондық атағын қорғай алмағанын жазған едік.
Сондай-ақ Астанада теннистен Қазақстан жазғы чемпионатының жеңімпаздары анықталды.