Грозныйда Қазақстан мен Әзірбайжанға автобус қатынасын ашуды жоспарлауда

АСТАНА-ГРОЗНЫЙ. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Шешенстан Республикасының Көлік және байланыс министрлігі Әзірбайжан астанасы Баку мен Қазақстанның Атырау қаласына халықаралық автобус бағытын ашуға байланысты жұмыстар жүргізуде.
None
None

Бұл туралы бүгін Шешенстан Республикасы Үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Көлік ведомствосының басшысы Рамзан Черхиговтың Шешенстан Республикасының көлік қызметін дамыту барысында көлік құралдарының сапасын арттыруға және жолаушыларға қызмет көрсету мен олардың қауіпсіздігіне баса назар аударылатындығын атап өтті.

Ол үшін, министрдің айтуынша, автобус парктерін жаңалап, жаңа автостансалар мен сапаржайлар салып, жоғары технологиялық диспетчерлік пунктер мен қазіргі заман талабына сай техникалық құралдар болу қажет.

Соңғы жаңалықтар